Halyq Uni логотип
×

«Қасқырға қой бақтырғанмен бірдей»: ArtSport аясында 6 өңірде балаларды сотталғандар оқытқан

Бас прокуратура өкілі 43 адам жауапқа тартылғанын айтты

 Дәурен Ерболат 20.06.2023 | 17:19
«Қасқырға қой бақтырғанмен бірдей»: ArtSport аясында 6 өңірде балаларды сотталғандар оқытқан
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартылып сотталғандар ArtSport бағдарламасы бойынша балаларды оқытқан. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутат бағдарламадағы кемшіліктерге тоқталды.

«Қасқырға қой бақтырғанмен бірдей. ArtSport балаларға, жасөспірімдерге жәрдемдесуге, оларды үйірмемен қамтуға жұмыс істеуі керек дейміз. Бірақ 6 өңірде бұрын жыныстық, жезөкшелік және притондарды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғандар балаларды оқытқан. Мұндай 20 дерек тіркелді. Бұрынғы жезөкшеге, бұрынғы притон ұйымдастырған адамға қалай балаларымызды сеніп тапсырып отырмыз? Құзырлы органдар қайда қараған? Қазір сол балалармен психологтар жұмыс істеді ме? Баламызға үйірмеде сабақ берген адам бұрын жезөкше, қылмыскер болған екенін қалай түсіндіреміз?

Алты өңір бойынша ақпарат беруді сұраймын. Ұстаздар мен жаттықтырушылардың жұмыс өтілі мен олардың бұрын қандай қылмыстық жауапқа тартылғанын көретін арнайы база бар ма?» – деді депутат Мәжілістегі «ArtSport бағдарламасын жетілдіру» тақырыбында өткен отырыста.

Бас прокуратураның өкілі Дулат Әшірбеков депутат келтірген деректерге қатысты тексеріс жүргізілгенін атап өтті. Оның нәтижесі бойынша Қазақстанда 38 қадағалау актісі енгізіліп, 43 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама