Halyq Uni логотип
×

Астанада банк ғимаратына шабуыл жасаған ер адам екі айға қамалды

Ер адам 18 маусымда банкке қаруланып кірген

 Халық үні 20.06.2023 | 12:37
Астанада банк ғимаратына шабуыл жасаған ер адам екі айға қамалды
Фото: Фото: t.me/ztb_qaz

Астанада Kaspi Bank ғимаратына шабуыл жасаған Әлихан Мурадов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

2023 жылдың 20 маусымында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мурадовты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - делінген Астана соты таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 18 маусымда Астанада қаруланған ер адам банктердің бірінде қызметкерлерді кепілге алған. Полиция кейіннен шабуыл жасаған ер адамды ұстап, қызметкерлерді ғимараттан шығарды.

Бас прокуратураның мәліметінше, бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған 1993 жылғы Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов 2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама