Өскеменде 20 адамнан тұратын екі қылмыстық топ ұсталды – ҰҚК
Олардан қару тәркіленді
Өскеменде өзара текетіресте жүрген 2 қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Биыл 15 маусымда ҰҚК Өскемен қаласының ішкі істер органдарымен бірлесіп, өзара текетіресте жүрген 2 қылмыстық топтың жолын кесті. Олар кездеспек болған.
Операция барысында қаладағы кафелерінің бірінде 20-дан аса қылмыстық топ қатысушысы ұсталды. Кейбіреулері кафеге қарумен келген, - деп жазылған хабарламада.
Күдіктілерден 2 «Макаров» тапаншасы, жарақаттаушы тапанша, мылтық, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, граната және 2 суық қару тәркіленді.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.