Министрдің әкесі жазасын толық өтеген
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мемлекеттік қызметке орналасқанда әкесінің сотталғанын жасырмағанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әкеме қатысты айтайын. Иә, мұндай іс болды. Ол жазасын өтеді. Мемлекеттік қызметке орналасқанда бұл фактіні жасырған жоқпын. Бұл деректі құжатта көрсеттім, - деді министр Үкімет отырысынан соң журналистерге.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Экология министрі Зульфия Сүлейменованың әкесі – Болат Сүлейменовтің 2011 жылы ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны туралы ақпарат тарады.
Сот Болат Сүлейменовті 4 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, жалпы режимдегі түзеу колониясында мерзімін өтеу жазасы тағайындаған.