Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Қызылорда облысында егіз сәбиін сатқан 44 жастағы әйел анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында биыл туған сәбилерін сатқан 44 жастағы әйелді анықтады.
ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу ісі болып жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.