Қызылорда облысында әйел егіз сәбиін сатып жіберген
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
![Қызылорда облысында әйел егіз сәбиін сатып жіберген](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/06/19/649041aa26e89506586901.jpeg)
Қызылорда облысында егіз сәбиін сатқан 44 жастағы әйел анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында биыл туған сәбилерін сатқан 44 жастағы әйелді анықтады.
ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу ісі болып жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.