Halyq Uni логотип
×

Елорданы түтін басты: дәрігерлер астаналықтарды көшеге шықпауға шақырды

Алдын ала ақпарат бойынша өрт аумағы 15 гектарға жетті

 Халық үні 19.06.2023 | 16:28
Елорданы түтін басты: дәрігерлер астаналықтарды көшеге шықпауға шақырды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астаналық дәрігерлер қала тұрғындарын көшеге шықпауға шақырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Соған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады.

Айта кетейік, алдын ала ақпарат бойынша өрт аумағы 15 гектарға жетті.

Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама