Қостанай тұқымы жылқылары арасында бәйге өтті
Бәйгеге 40-қа жуық жылқы қатысты
Қостанай облысы Заречное ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай тұқымы жылқылары арасында бәйге өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жарыстың негізгі мақсаты – жылқының Қостанай тұқымын қолдау және дамыту. Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен республикалық «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен өткен бәйгеге 40-қа жуық жылқы қатысып, ұшқыр бәйге, құнан бәйге, аламан бәйге бойынша сайысқа түсті.
Ұшқыр бәйге 1200 метр:
1-орын Өтеген Қуаныштың «Командор» есімді тұлпары;
2-орын Байқұрман Сабыржанның «Самғау» есімді тұлпары;
3-орын Никонов Михаилдің «Быстрая звезда» есімді тұлпары.
Ұшқыр бәйге 2000 метр:
1-орын Байқұрман Сабыржанның «Рибэка» есімді тұлпары;
2-орын Ертас Ринаттың «Берен» есімді тұлпары;
3-орын Қонысбаев Ерасылдың «Коржик» есімді тұлпары.
Құнан бәйге 7000 метр:
1-орын Харитонов Тимурдың «Нұрберген» есімді тұлпары;
2-орын Ахмет Нұрасылдың «Фаина» есімді тұлпары;
3-орын Төребаев Асқардың «Қаңтар» есімді тұлпары.
Аламан бәйге 20 000 метр:
1-орын Қайыржан Әлиханның «Фанзор» есімді тұлпары;
2-орын Рымхан Нұртілеудің «Бәйтерек» есімді тұлпары;
3-орын Жанат Айсерінің «Риба» есімді тұлпары.
Айта кетейік, турнирдің бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал серіктесі – «Sportqory» спортты қолдау қоры.