Кездесуде азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға назар аударды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында өңірдің жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру, аймақ экономикасын дамыту мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тұрақты өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.
Қатон-Қарағай, Марқакөл аудандарын қайта құру жөнінде шешім қабылданғанына тоқталып, шекаралас аумақтағы елді мекендерді жүйелі түрде дамыту қажет екенін айтты, - делінген ақпаратта.
Президент облыс әкіміне коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, жылу электр стансаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде тапсырма берді.