Елордаға төрт айда 951 750 қонақ келген
Мәдениет және спорт министрлігі туристер жиі баратын 5 қаланың тізімін жариялады. ТОП-5 қала арасында Алматы көш бастап тұр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Министрлік ақпаратына сәйкес, биыл төрт айда мегаполиске 1 185 130 адам саяхаттап барған.
Екінші орында Астана қаласы тұр. Елордаға төрт айда 951 750 қонақ келген.
Үшінші орынға Шымкент қаласы тұрақтады. Қаңтар-сәуір аралығында шырайлы шаһарға 346 280 адам саяхаттап барған.
Атырау қаласы да бестіктің ішіне кірді. Төрт айда қалаға 305 460 адам барған. Бұл қалада мамырда «Сарайшық» визит-орталығы ашылды. Мұнда туристерге Қазақ хандығы, Алтын Орда және ежелгі дәуірдегі қалашық тарихымен танысуға барлық жағдай жасалған.
Бестікке Ақтау қаласы да кіреді. Қаңтар-сәуір аралығында Ақтауға 220 660 қонақ барған.
Айта кетейік, 2023 жылдың алғашқы 4 айында Қазақстанда 3,5 млн адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 -ға артық.