Қазір Астана бөлімшесінде тек банк қызметкерлері бар
«Kaspi Bank» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана, клиенттер жоқ.
Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Кез келген қате ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін ІІМ Астанада қаруланған ер адам банктердің бірінде келушілерді кепілдікке алғаны туралы ресми хабарлама берген болатын.