Атырауда жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қаза тапты
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Атырауда бір отбасының 6 адамы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 9:10 шамасында Атырау – Ақтөбе тас жолы тұсында Lada Priora және Yutong автобусының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болған.
Оқиға салдарынан 1985 жылғы, 2013 жылғы, 2016 жылғы, 2019 жылғы және 2021 жылы туған жолаушылар оқиға орнында қаза болып, Lada Priora автокөлігінің 1982 жылғы жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан көз жұмды, – деді Атырау қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Нәсіполла.
Қаза тапқандар – төрт баласы бар ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.