Ақтауда суға батқан ер адам іздестіріліп жатыр
Жазатайым оқиға қаладан 22 шақырым жерде болған
Ақтау қаласында құтқарушылар теңізге батқан жігітті іздестіріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жазатайым оқиға кеше Ақтаудан 22 шақырым жерде болған.
Суға түсуге жабдықталмаған жерде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 1999 жылы туған жас жігіттің суға бату фактісі анықталды. Қазір ТЖД жедел құтқару жасағымен іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Азаматтық қорғаныс басқармасының аға қызметкері, аға лейтенант Бектас Мұратов.
Маңғыстау облысы ТЖД тұрғындар мен қонақтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.