Halyq Uni логотип
×

Шекарадан 6 млн теңгенің темекісін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Осы іске қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 18.06.2023 | 14:11
Шекарадан 6 млн теңгенің темекісін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Шекарадан 6 млн теңгенің темекісін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Биыл 10 маусымда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының «Қарасай батыр» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараның Қазақстан – Қырғыз учаскесінде жалпы сомасы 6 млн теңгеден асатын тауарларды заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті. Тәркіленген зат – жалпы саны 19 қорап болатын темекі стиктері.

Уәкілетті органдармен осы құқық бұзушылық іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама