Павлодарда зейнеткерлерді алдаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Жәбірленушілерге 25 млн теңге шығын келтірілді

Фото: видеодан скриншот

Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдаған күдікті топты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, егде жастағы 30-ға жуық тұрғын алаяқтық бойынша шағымданған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық әрекеттер жасау күдігі бойынша қылмыстық топ ұсталды. Олар 19-21 жас аралығындағы Павлодар қаласының 4 тұрғыны болып шықты. Қазір олардың алты алаяқтыққа қатысы анықталды. Күдіктілер алдау арқылы зейнеткерлерден шамамен 25 млн теңге қаражат иеленген. Ұсталғандардан 3 млн 900 мың теңге тәркіленді, олар екі жәбірленушіге қайтарылды.

ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы,тағы екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шаралары таңдалды. Олардың ұқсас фактілерге қатысуы тексеріліп жатыр.