×

Қазығұрт ауданында бес ауылды су басты

Нөсер жауын салдарынан жүздеген мал басы қырылған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында нөсер жауынның салдарынан бес ауылды су басып, 50 шақты үйге су кірген. Жүздеген мал басы қырылған.

Қазығұрт Ауданы әкімдігінің мәліметінше, кеше 24 сәуір күнгі жауынның салдарынан сай саладан келген су үйлер мен қора жайларды шайып кеткен.

Қазір оқиға орнына төтенше жағдай және арнайы мекемелер жұмылдырылып, Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауылдық округтерінде болған жағдайларды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан жиналған суды сорғыту жұмыстары жүріп жатыр. Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар елді мекені, Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекендеріндегі су басқан жерлерді ретке келтіру бойынша төтенше жағдай қызметкерлері тиісті жұмыстар жүргізген. Ал, Шанақ елді мекеніндегі ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды.

«Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана, Жіңішке елді мекенін су басқан. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығынға ұшыраған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекеніне 12 үйге су кірген. Аудан әкімі осы аталған жайттарды қалпына келтіру және шығындарын есептеу жөнінде шұғыл тапсырма берді», - делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама