Маңғыстауда ер адам тергеу изоляторына есірткі өткізбек болған (ВИДЕО)
Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды
![Маңғыстауда ер адам тергеу изоляторына есірткі өткізбек болған (ВИДЕО)](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/06/16/66ebb144b1f8a031173690.jpeg)
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізу фактісі анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жедел ақпаратты тексеру барысында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №77 мекеменің жедел уәкілдері сотталғандардың біріне арналған «сәлемдеменің» ішінен спорттық аяқ киімнің екі сыңарының табанына жасырылған есірткі тауып, тәркіледі.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша есірткі заты салмағы 29 грамнан астам марихуана екендігі анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.