Қазақстандағы ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі белгілі болды

Алиакпар Қадырбаев

Ел халқының орта жасы - 31,94

көрнекі фото: top-news.kz

Мемлекет басшысы Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Президентке биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.