Екі күдікті тергеу изоляторына қамалды
Ақтау мен Таразда қарудың заңсыз айналымының жолы кесілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 10-12 маусымда ведомствоның жедел қызметкерлері «А» арнайы мақсаттағы қызметінің қолдауымен Ақтау мен Тараз қалаларында қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізген.
Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталып, оның екеуі тергеу изоляторына қамалды. ҰҚК қызметкерлері күдіктіні тексеру кезінде ату қаруы мен оқ-дәріні әкелу және сату жолдарын құжаттап алған. Сотқа дейінгі тергеу фигуранттары құпиялық шараларын қатаң сақтап келген.
Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 2 «Калашников» автоматы және 100 бірлік оқ-дәрі тәркіленді.
Жедел-тергеу жалғасып жатыр.