Тағы 4 жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды
Жетісу облысында көлік апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында болған. Сарыөзек – Көктал автожолының 99 шақырымында Subaru Forester автокөлігі SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан. Жапондық көліктің 50 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 45 жастағы жолаушысы да қаза тапты.
Зардап шеккен 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.