Halyq Uni логотип
×

Астанада ер адам тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секірмек болған

Оқиғаның себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 16.06.2023 | 10:55
Астанада ер адам тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секірмек болған
Фото: polisia.kz

Астанада тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секірмек болған ер адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін түнде «102» пультіне қала тұрғыны баласының үйде жанжал шығарып, 8-қабаттың балконынан секіремін деп қорқытып жатқанын хабарлаған. Сарыарқа ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнына келгенде ер адамның балконның есігін жауып алғанын анықтады. Анасы оны көндіруге тырысып, ұлымен сөйлесуге бірінші болып барған. Алайда ол анасын тыңдағысы келмеген. Әйел баласымен сөйлескеннен кейін оның терезеге қарай жүгіргенін көреді.

Сол кезде криминалист полиция капитаны Сугур Макаров бөлмеде жарықтың жоқтығын пайдаланып, анасының соңынан бөлмеге кіреді. Жанжалқордың назары басқа жаққа ауған сәтте  полиция қызметкері оның артынан балконға жүгіреді. Бірақ жүгіріп келе жатқан полиция қызметкерін байқаған ер адам, балконның терезесіне шығып, балконнан секіремін деп қорқытады. Капитан Макаров ер адамның балконнан секірейін деп жатқан кезде оны белбеуінен ұстап алады. Сол арада полицейдің әріптестері көмекке келіп, ер адамды пәтерге тартып кіргізеді

Ер адамға психологиялық көмек көрсетілді. Елорданың 33 жастағы тұрғынын мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама