Halyq Uni логотип
×

Атбасар ауданында кәсіпкерлерге қоқыс үшін төлемді заңсыз төлеттірген

Кәсіп иелерінің құқығы қорғалды

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2023 | 09:41
Атбасар ауданында кәсіпкерлерге қоқыс үшін төлемді заңсыз төлеттірген
фото: ашық дереккөз

Атбасар ауданында қоқыс үшін заңсыз төлем жасаған кәсіпкерлердің құқығы қорғалды. Ауданының прокуратурасы кәсіпкерлерді тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму үшін заңсыз төлемдерден босатты.

Ауданды былтыр 2 қыркүйектен бастап тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге бекітілген тариф күшіне енген еді.  Сол күні аудандық «Простор-Atbasar» газетінде «МЖД Атбасар сервис коммунальные услуги» ЖШС тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған жария шартын жариялап, осы жұмысқа кәсіпкерлерді  тартты.

Прокуратураның хабарлауынша, «МЖД Атбасар сервис коммунальные услуги» ЖШС кәсіпкерлерді  тұрмыстық қалдықты жинау және шығару жұмысына қызмет ақысын төлеуге заңсыз міндеттеген.

Сонымен бірге Экологиялық кодекстің 367-бабына сәйкес, ЖШС кәсіпкерлермен және тұрғын үйлер мен жеке ғимараттардың қоқысын шығарумен айналысатын компанияларды жеке шарттар жасасуға міндеттеген екен.

Соның нәтижесінде серіктестік кәсіпкерлермен жеке келісім-шарт жасамай, олардан заңды айналып өтіп, ақша өндіріп отырған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Атбасар ауданының әкімдігі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (эксаумақтық соттылық бойынша) кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын жария шарттың жекелеген тармақтарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді. Талап арыз толықтай қанағаттандырылды.

Апелляциялық сатыда жоғарыда аталған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Осылайша, прокурорлар 1777 кәсіпкердің (1246 жеке кәсіпкер және 531 заңды тұлға) құқықтарын қорғап, олар жария шарттың міндеттемелерінен босатылып, өздері үшін тиімді шарттар бойынша жеке шарттар жасай алатын болып шешілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама