Әр кандидат үш ЖОО-ны таңдай алады
Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева 2022 жылғы көктемде әскерге шақырылған сарбаздарды жоғары оқу орындарына іріктеу конкурсы аяқталғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеңесшінің айтуынша, конкурстық іріктеуге былтыр көктемде шақырылған 12 548 сарбаз қатысып жатыр.
Оның ішінде Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Төтенше жағдай министрлігінен 6539 сарбаз, Ұлттық ұланнан 6007 сарбаз бар.
Былтыр күзде әскерге шақырылғандар үшін квотаның екінші бөлігі биыл күзде өтеді.
Олар университетке түсу сертификаттарын «Срочники 2.0» платформасынан ЖСН арқылы тексере алады әрі тізімдер әлеуметтік желілерде жарияланып, ЖОО-ларға жіберіледі.
Бүгінде жоғары оқу орнында білімін алуға 1500 орын бөлінеді. Экраннан сарбаздардың онлайн режимде қалай бөлінетінін көреміз. Мұнда ҰБТ-ға ұқсас, QR коды бар сертификаттар бар. Оларды ешкім қолдан жасай алмайды. Мысалы, Номировский Родион Алексеевич оқуға 100% жеңілдікпен түсті. Құттықтаймыз. 1500 сарбаздың 350-і әскери оқу орындарын таңдады, – деді Айгүл Төлембаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Кандидаттарды іріктеу төмендегі критерийлер бойынша жүргізілген:
Қорғаныс министрлігінің өкілі әр сарбаз 3 университетті таңдай алатынын атап өтті.
Сонымен қатар «Срочники 2.0» электронды жүйесінде сарбаздарды ЖОО-лар бойынша бөлу автоматты түрде жүргізіледі.
Қорғаныс министрлігінде жоғары оқу орындарына сарбаз бөлуді бақылау үшін комиссия құрылды. Оның құрамына Қарулы күштердің басшылық құрамы, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі секілді күштік құрылымдардың өкілдері, азаматтық жоғары оқу орындарының және сарбаз аналары комитетінің өкілдері кірді, - деді министрдің кеңесшісі.
Қорғаныс министрлігінде жедел желі құрылған.
Сұрақтар бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады: