Тергеу болып жатыр
Ұлытау облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция нәтижесінде Жаңаарқа ауданында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқиға орнынан 23 адам ұсталып, оның ішінде Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны жерасты «кәсіпорнын» ұйымдастырушы екені белгілі болды. Күдіктілер құрамында алтын бар кенді ашық игеруден алған. Содан кейін оны ұсақтап, жуған.
Одан кейін полицейлер грамдық таразыны, ұсатқыш станокты, құрамында алтын бар 2 тоннадан аса кенді, шамамен 70 грамм алтынды тәркіледі. Сондай-ақ 7 арнайы техника – жүк көліктері, самосвалдар, экскаватор алынды. Бұған қоса жауынгерлік патрондармен ату үшін қайта жасалған тапанша тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 295-1-бабы («Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу»), ҚР ҚК-нің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және ҚР ҚК-нің 288-бабы («Салық салынатын кірісті азайту») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.