Тергеу жүргізіліп жатыр
Астанада төрт жасар қызды ұрлаған ресейлік ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Қарағанды қаласының ПБ-ның орталық бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы төрт жасар қызын көлікпен ұрлап кеткен.
Аталған дерек орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы («Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау») бойынша тіркелді.
13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады. Ұрланған қыз анасына берілді.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.