Атырауда Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкердің шотынан заңсыз ақша алған

Динара Амантай

Бизнесменге қаражаты қайтарылып жатыр

Фото: Halyq Uni

Атырауда Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкердің шотынан заңсыз ақша алған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, жергілікті ЖШС басшысы ведомствоға және өңірлік кәсіпкерлер палатасына келіп, басқа кәсіпорын алдындағы дебиторлық берешекті өтеу үшін мекеме шотынан 41,8 млн теңгені негізсіз өндіріп алған Мемлекеттік кірістер басқармасының заңсыз әрекеттеріне шағымданған.

Бизнесменнің айтуынша, іс жүзінде ешқандай дебиторлық берешек болмаған. Шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан кәсіпкер 42 қызметкерге жалақы, салық төлемей, келісімшарттық міндеттемелерді орындай алмады.

Өз кезегінде, облыстың Антикор қызметі ұйымдастырған мемлекеттік кірістер департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесудің нәтижесінде заңсыз алынған қаражатты қайтару жөнінде шешім қабылданды.

Қазір кәсіпкердің ақшасы қайтарылып жатыр.