Бұлақ ауылының тұрғындары өрт беті қайтқан соң үйлеріне оралып жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Елді мекеннен 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған

фото: ашық дереккөз

Семей қаласына жақын орналасқан Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйіне қайтарылды.

Семей әкімдігінің хабарлауынша, өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген еді. Енді өрт толығымен өшіп, жағдай бір қалыпқа келген соң, тұрғындар ұйлеріне қайтып жатыр.

Жергілікті билік тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды. Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған.