Оралда полицей жүргізушілерге газетпен жол көрсеткен (ВИДЕО)
Тәртіп сақшысы қалада жарық сөніп, бағдаршам істен шыққан кезде көмектескен
Орал қаласында еңбек демалысындағы полиция қызметкері бағдаршамы сөніп қалған көшеде кептелісте тұрған жүргізушілерге газетпен жол көрсетті.
Полиция қызметкері адамдарға қалада жарық сөніп, кейбір жерде бағдаршамдар істен шыққан кезде көмектескен.
Сағат 16.15 шамасында Әбілқайырхан даңғылы мен Сырым Датұлы көшесінің қиылысында жол кептелісі болып, автокөліктердің жүруі қиындаған. Осы кезде полиция қызметкері Руслан Жексенов автокөлігін тұраққа қойып, қолына газет алып, оны арнайы таяқша орнына пайдаланып, жүргізушілерге бағыт-бағдар көрсетті, – делінген Polisia.kz-тің хабарламасында.
Жолаушылар мен жүргізушілер осы сәтті бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.