Жетісу облысында мотоцикл жүргізушісі баланы қағып кетті
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Жетісу облысында мотоцикл жүргізушісі қыз баланы қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше Ескелді ауданында болған. Онда Ешкіөлмес ауылында 11 жастағы қыз спорттық мотоцикл дөңгелектерінің астына түсті. Жарақатпен ауруханаға түскен қыз бала аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.
Бұл оқиғадан 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де қатты зардап шекті.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, ерекше бақылауға алынды.
Облыстық полиция қаза тапқан қыздың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.