Halyq Uni логотип
×

Алматыға ең үздік мамандарды жібердік – министр АИТВ туралы

Қазір ауруханада тексеріс жүріп жатыр

 Дәурен Ерболат 15.06.2023 | 11:04
Алматыға ең үздік мамандарды жібердік – министр АИТВ туралы
Ажар Ғиният, фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы орталық клиникалық ауруханадағы АИТВ жұқтырған науқастарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, былтыр 4 мың адам АИТВ инфекциясымен ауырған, ал 2021 жылы 3,5 мың жаңа дерек тіркелген.

«Алматыдағы жағдайға қатысты ақпарат түсті. Ол жаққа комиссия жіберілді. Біз аурухана ішінде жұқтыру болмас үшін жұмыс істеп жатырмыз. Тексеріс аяқталған соң толық ақпарат береміз.

Қазір толық эпидемиологиялық тексеру жүргізудеміз. Инфекцияның қайдан шыққаны, қалай жұққаны анықталады. Аурухана ішінде инфекцияны жұқтыруға жол бермеуіміз керек. Министрліктің, комитеттің ең үздік мамандары Алматыға жіберілді, - деді Ажар Ғиният Сенат кулуарында.

Бұған дейін Алматыдағы орталық ауруханада науқастар АИТВ жұқтырғанын хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама