×

Грузияға қашқан Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары экстрадицияланды

Экс-шенеунік Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды

 Халық үні 15.06.2023 | 09:39
фото: zakon.kz

Грузия әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы ҚР Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды. Ол 15 маусымда ҚР Бас прокуратурасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері және ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған экстрадицияланды.

Қәзір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама