×

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деп айыпталды (ВИДЕО)

Бойжеткен арызды былтыр қарашада жазған

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2023 | 08:59
фото: ашық дереккөз

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді.

Astana телеарнасының хабарлауынша, 20 жастағы бойжеткен өгей әкесіне арызды былтыр қараша айында жазған. Бұл оқиға қазір ғана белгілі болған.

Осы оқиғаға байланысты Қостанай облысының полициясы бірден «Зорлау» және «Бірнеше рет зорлау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Зардап шеккен тарап қорғауға алынды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама