Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттік қорға өтіп кеткен 13 кәсіпкердің суармалы жері қайтарылды

Ауылдық округ әкіміне сөгіс жарияланды

 Динара Амантай 14.06.2023 | 15:21
Мемлекеттік қорға өтіп кеткен 13 кәсіпкердің суармалы жері қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында мемлекеттік қорға өтіп кеткен 13 кәсіпкердің суармалы жері қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, Түлкібас ауданы Жаскешу ауылының бір топ кәсіпкері өздеріне тиесілі суармалы жерлерін аудан әкімінің шешімімен мемлекеттік қорға алып қойғаны туралы шағым түсірген. Кәсіпкерлердің жер учаскелері шешім шығарылған сәттен бастап бір жыл бойы бос тұрған. Осы уақыт аралығында әкімдік бизнес өкілдеріне баламалы учаскелерді беру немесе өтемақы төлеу бойынша іс-әрекеттер жасамағандықтан, олар өз бизнестерін жүргізе алмаған.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп құзырлы органдармен кеңес өткізіп, нәтижесінде кәсіпкерлерге тиесілі 22 гектар суармалы жерлерінің мемлекеттік қорға алып қою туралы шешімінің күші жойылды.

Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, Жаскешу ауылдық округ әкіміне сөгіс жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама