Комитет Алматы әуежайында өрт шыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Азаматтық авиация комитеті Алматы әуежайында өрт шыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұған дейін желіде ұшақ маңында түтін шыққаны көрсетілген видео тарады.
Air Astana әуе компаниясының ұшағына қатысты ақпаратқа байланысты Алматы әуежайында өрттің жоқтығын хабарлаймыз. Алматы халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде қосалқы күш қондырғысының жұмысынан түтін шыққан, - делінген ақпаратта.
Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.