Өрт кезінде қаза тапқан 14 қызметкердің туыстарына «Құрмет» ордені табысталды
Орден қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандардың туыстарына табысталды
«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» ордендерімен марапатталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан «Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды.
Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады.
Абай облысы әкімінің хабарлауынша, 13 маусымда ормандағы өрттің аумағы 60 гектарға жетті. Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.