Halyq Uni логотип
×

Үкімет отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Орман өртінен қаза тапқандардың отбасыларына мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі

 Дәурен Ерболат 13.06.2023 | 10:34
Үкімет отырысы бір минут үнсіздікпен басталды
фото: Halyq Uni

Үкімет мүшелері Абай облысындағы алапат өрттен қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, кезекті отырысын бір минут үнсіздікпен бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысындағы өрт мәселесі қаралды.

«Өңірде алапат өрт шығып, бірқатар елді мекенге қауіп төндірді, тұрғындар эвакуацияланды. Семейде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Өрт сөндіру шараларын бақылау үшін мемлекет басшысы өзінің шетелдік сапарын тоқтатты. Үйлестіру штабының отырыстары үнемі өткізіліп тұрды.

Өкінішке қарай, адамдар қаза тапты. Біз орман өртіне қарсы тұрған 14 адамнан айырылып қалдық. Үкімет атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Марқұмдардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етуді ұсынамын», - деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама