Halyq Uni логотип
×

Батысқазақстандықтарға орманға баруға тыйым салынды

Бұл жерге де өрт қаупі төніп тұр

 Дәурен Ерболат 12.06.2023 | 14:20
Батысқазақстандықтарға орманға баруға тыйым салынды
Фото: Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі орманда жүруді шектеу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады «Мой город» порталы.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, шектеу ауа райының ыстық болуымен байланысты.

Өрт қаупінің жоғары кезеңінде БҚО тұрғындары мен қонақтарына орманға баруға және кіруге, сондай-ақ облыстық мемлекеттік орман қоры аумағында белгілі бір жұмыс жүргізуге тыйым салынады, –  деп жазылған хабарламада.

Күн райы жақсарғанын тыйым алынады.

Шектеу 10.00-ден 21.00-ге дейін орманға кіретін көліктерге қатысты. Тыйымның орман шаруашылығын жүргізетін заңды тұлғаларға, бақылау-қадағалау органдарының қызметкерлеріне, орманда арнайы көліктерді жүргізетіндерге қатысы жоқ, –  деп жазылған хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 30 градусқа дейінгі ыстық демалыс күндеріне дейін сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама