Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберісі мен шығысына бекеттер қойылды
Түркістан облысында изолятордан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық жасады деп айыпталған ер адам Сарыағаш аудандық ПБ-нің УҰИ-дан қашып кеткен. Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы шықты. Қазір жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іздеуге Түркістан облысы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.
Бүгінде «Ұстап алу» жоспары іске асырылып жатыр. Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберісі мен шығысына бекеттер қойылды. Сонымен қатар ұстау шарасына Түркістан облысымен көршілес Шымкент қаласының, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының ПД, көліктегі полицияның бөлімдері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі де жұмылдырылған.
Полицейлер ер адамды анықтау мен ұстау мақсатындағы жедел іздеу шараларын жалғастырады.