«Суретке түспек болған». Бурабайға демалуға барған астаналық көз жұмды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Астанадан Бурабайға демалуға барған әйел қаза тапты, деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 11 маусымда болды.
Әйел күйеуі және балаларымен бірге елордадан Бурабай ауданына демалуға келген. Марқұм Бөлектау тауының шолу алаңына көтеріліп бара жатқанда суретке түспек болған. Алайда 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылған.
Полиция адам өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Полицейлер тұрғындар мен қонақтарды сақ болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.