Бұл лауазымға 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған
Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Аружан Саин бұл лауазымға 2019 жылы шілдеде тағайындалған.
Мемлекет басшысының өкімімен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін енді Динара Зәкиева атқарады.