Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды
Бұл лауазымға 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған
Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Аружан Саин бұл лауазымға 2019 жылы шілдеде тағайындалған.
Мемлекет басшысының өкімімен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін енді Динара Зәкиева атқарады.