Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында балықшы құтқарылды

Ер адам балық аулау кезінде өзін нашар сезінген

 Динара Амантай 12.06.2023 | 09:52
Қостанай облысында балықшы құтқарылды
Фото: Қостанай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Қостанай облысында балықшы құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 10.28-де Жітіқара қаласының құтқарушыларына  хабарлама түскен. Оқиға куәгерлері Шортанды өзенінің сол жағалауынан жоғары қарай бөгеттің жанындағы қамыс арасында қайық тербеліп тұрғанын хабарлаған. Қайықта ес-түссіз жатқан бір адам бар екен.

Жітіқара қаласының жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына барды. Олар жағадан 100 метр қашықтықта өскен қамыс арасында екі орындық резеңке қайықты тапты.

Қайыққа көтерілген құтқарушы ер адамның есін жинауы үшін әрекет жасады. Ер адам балық аулау кезінде өзін нашар сезініп, жағалауға өздігінен жете алмаған. Оның үстінде құтқару кеудешесі болған жоқ.

Құтқару операциясы сағат 11.00-де сәтті аяқталып, құтқарушылар 1991 жылы туған азаматты жағаға шығарды. Құтқарылған адам жедел-жәрдем бригадасына тапсырылды.

Бұған дейін, 4 маусымда кешке Жітіқара ауданындағы Шортанды өзенінде жедел құтқару жасағының қызметкерлері 1981 жылы туған азаматты мас күйінде құтқарды. Ер адам Жітіқара қаласына жақын орналасқан төменгі бөгет аймағында шомылған болатын. Бірақ өз күшін бағалай алмай суға бата бастаған. Оқиға орнына уақтылы келген құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды құтқарып, жағаға шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама