«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлем аударуды жалғастыруда
«Қазақстан халқына» қорына қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтардың нақтыланған тізімі келіп түсті.
Қор қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлем жіберді, құзырлы органдар олардың жазатайым құрбан екенін мәртебесін растады.
Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай төлемдер жіберілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді.
Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн теңгені құрады.
Қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан халқына» қамқоршылық кеңесінің шешімімен қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған - қаза тапқан азаматтардың барлығының отбасына құзырлы органдардан тізімдері нақтыланғаннан кейін ақшалай қаражат төленетін болады.