Дәстүрлі садақ атудан Астана жеңімпаздары анықталды

Халық үні

Үш жүздей спортшы өзара жеңімпазды анықтады

фото: Спорт басқармасы

10 маусым күні дәстүрлі садақ атудан Астана қаласының маңындағы «Балқарағай» демалыс орнында алғаш рет жастар және ересектер арасындағы чемпионат ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info. 

Жарыстың ашылу салтанатында Астана қаласы әкімдігінің спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Дастан Алдашов пен елорда садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметов қатысты. 

«Елордамыздағы садақ атушыларымыз ел чемпионатындағы ең үздік мергендердің қатарына кіреді. Оның ішінде 15 садақшымыз өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында ұлттық құраманың сапында жүр. Сіздер секілді беделді спортшыларымыздың арқасында Астанамыз мақтана алады. Бүгінгі Астананың чемпионатында қазақтың дәстүрі одан әрі жаңғырып, қазақтың қандай батыр болғанын әлемге паш етіп жүре берейік», – деді елорда садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметов.

Чемпионат барысында 18-24 жас және 24 жастан жоғары 2 санат бойынша бөлініп, ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Сайыс 4 түрлі жаттығу бойынша өтті: 

Пута нысанасы 70 метр (ерлер)/60 метр (әйелдер) 

Ересектер бәсекесі. 

1-орын. Ербол Тапенов 

2-орын. Диас Ахметов 

3-орын. Қасымхан Қанат 

Әйелдер бәсекесі. 

1-орын. Динара Жақсылықова 

2-орын. Айым Тілепберген 

3-орын. Гүлжай Мақатова 

Жастар бәсекесі. 30 метр. 

1-орын. Ерзат Талапбай 

2-орын. Нұралла Орынбасар 

3-орын. Жангелді Орал 

Әйелдер. 30 метр. 

1-орын. Фариза Сабыржан 

2-орын. Айкөркем Батихан 

3-орын. Асылайым Камит 

Қалқан нысанасы 60 метр (ерлер)/50 метр (әйелдер) 

Ересектер бәсекесі. 

1-орын. Бақберген Салимов 

2-орын. Төлеухан Қарабаев 

3-орын. Самат Сүлейменов 

Әйелдер бәсекесі. 

1-орын. Баян Чекоданова 

2-орын. Азиза Ералы 

3-орын. Айгерім Шавалиева 

Садақ ату жарысында Қазақстанның спорт шебері атағын алуды армандайтын 60 жастағы ең үлкен қатысушы Асқар Ахметов те ел чемпионатына баруды көздейді. 

«Спортпен бала кезде айналыстым. Есейген соң, күйбең тіршіліктің қамымен тән саулығын ұмыттық десем болады. 58 жасымда Instagram әлеуметтік желісінде кездейсоқ садақ атудың жарнамасын көріп қалдым. Қазақтың ұлттық спорты ғой деп, хабарласып, алғаш рет садақ ату үйірмесіне қатыстым. 3 жыл ішінде қалалық сайыста 2 мәрте жүлдеге іліктім (1-орын және 3-орын). 24 жастан жоғары санатта да жастармен сайысқа тең дәрежеде сайысқа түсіп жатқаныма қуанамын. Жақсы өнер көрсету үшін, жақсы дайындық керек екені сөзсіз. Сол себепті, күнде таңғы 5-те тұрып, 4,5 шақырым қашықтықта орналасқан «Триатлон» саябағына велосипедпен барып, садақ атумен жаттығамын». 

Орта Азия нысанасы 40 метр (ерлер/әйелдер) 

Ересектер бәсекесі. 

1-орын. Мұхамедәлі Әшіров 

2-орын. Ғосман Бостанов 

3-орын. Асқар Ахметов 

Жарыстың ең егде қатысушысы Асқар Ахметов бастапқы 2 жаттығуда жүлдеге ілікпегенімен, Орта Азия нысанасында қола жүлдегер атанды. Енді маусым айының ортасында өтетін Республикалық додада өнер көрсетеді. 

Әйелдер бәсекесі. 

1-орын. Анжелла Тарыца 

2-орын. Әсел Испағамбетова 

3-орын. Жанар Кокушева 

Жастар бәсекесі. 

1-орын. Елдос Егізбаев 

2-орын. Жантас Бейсекенов 

3-орын. Бекнұр Ақболашов 

Әйелдер. 

1-орын. Дильназ Әбдіразақ 

2-орын. Жазира Күзенбай 

Жамбы нысанасы. 30 метр. 

Ересектер бәсекесі. 

1-орын. Абылай Қанат 

2-орын. Ерлан Келімбетов 

3-орын. Талғат Иманов 

Әйелдер бәсекесі. 

1-орын. Салтанат Исакова 

2-орын. Арай Ибраева 

3-орын. Салтанат Айтжанова 

Жарыста жүлдеге іліккендер маусым айының аяғында Жетісу облысында өтетін 2-ші Қазақстан чемпионатында бақ сынайды. 

Елорда садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметов даладағы садақ атудың жаттығу залынан айырмашылығы табиғаттың ерекшелігі, жел, ауа-райы т.б жайттар жеңімпазды анықтауда қатты рөл ойнайтынын айтты.

«Бүгінгі садақ ату сайысының басты ерекшелігі, қатысушыларымыз спорттық киімде емес, қазақтың дәстүрін сақтайтын ұлттық нақыштағы киіммен сайысқа түседі. Сайыста тек спорт қана дамымайды, онымен қоса қазақтың рухы жаңғырып, ұлттық құндылыққа деген махаббат сезімін тудырады. Соңғы 3 жылдың ішінде дәстүрлі садақ атуға деген қызығушылық өте қатты оянып жатыр. 2019 жылы елімізде 50-дей кәсіби садақшы болса, бүгін тек қана Астана чемпионатында 70-ке жуық спортшы жүлдеге таласып жатыр. Былтыр алғаш рет Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылып, кез-келген садақ атуға қызығушыға қатысуға рұқсат берілді. Нәтижесінде 300-дей спортшы өзара жеңімпазды анықтады. Қатысушының көбеюінен енді алғаш рет аймақтарда іріктеу жарысын өткізіп, жүлдегерлерді ғана ел біріншілігіне қатыстырамыз», – деді. 

Жарыс соңында әр санаттағы жеңімпаздар медаль, диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.