Олармен кәсіби психологтар жұмыс істеп жатыр
Алапат табиғи өрт салдарынан Озерск ауылдық округіне қарасты 3 ауылдан Семей қаласына 50-ге жуық адам эвакуацияланды. Оның ішінде 1-14 жас аралығындағы 13 бала бар. Бұл туралы Балалардың құқығын қорғау комитеті хабарлады.
Қазір балалар мен олардың ата-аналары колледж жатақханаларына орналастырылды. Адамдар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Олармен кәсіби психологтар жұмыс істеп жатыр.
Отбасылар үшін биологиялық орталық пен кинотеатрларға бару арқылы ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар, балалар лагерлері зардап шеккен жоқ.
Балаларды одан әрі орналастыру комитеттің бақылауында, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.