×

23 млн теңгені ойынға тіккен ақтөбеліктің өтірігі әшкереленді

Енді сол өтірігі үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Халық үні 22.04.2022 | 14:30
коллаж: Halyq Uni

23 млн теңгені ойынға тіккен ақтөбелік ұтылған ақшаның «ұрлығын» ұйымдастырған.

4 сәуір күні №2 қалалық полиция бөліміне 29 жастағы ер адам ұрлық бойынша арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер 101-атқыштар дивизиясы көшесінде Lada Priora автокөлігінен 23 млн теңге ақша салынған пакетті ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іс-шараларды жүргізу барысында ұрлық дерегінің қаланың басқа бөлігінде болғанын анықтады. Айғақтарды көрсеткеннен кейін ер адам ұрлық дерегін өзі ойластырып, күдікті ретінде танысын қатыстырғанын айтты. Шын мәнінде, жәбірленуші жұбайына айтпай, ақшаны ұтысқа тіккен, – дейді полиция.

Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-бөлігі (жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр. Осы бап санкциясында 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама