Halyq Uni логотип
×

Абай облысында орман өртінен үш адам қаза тапты

Орман шаруашылығының 11 қызметкері іздестіріліп жатыр

 Халық үні 09.06.2023 | 18:17
Абай облысында орман өртінен үш адам қаза тапты
Фото: ТЖМ

Абай облысында өрт салдарынан орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің Төтенше жағдайлар министріне тапсырма бергенін жазды.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді, - деп жазды Желдібай.

Сондай-ақ Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама