Науқастар ветеринариялық куәландыруы жоқ малды союға қатысқан
Бүгінде Жамбыл облысында адамдар арасында сібір жарасының 4 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жұқтыру екі ауданда (Талас ауданының Тамды ауылында 3, Жуалы ауданының Көлтоған ауылында 1 жағдай) болған.
Эпиданамнездегі 3 жағдайда ауру малдармен байланыс көрсетілген. Науқастар ветеринариялық куәландыруы жоқ малды союға қатысқан, ал жұқтыру факторы ірі қара мал болған. 1 жағдайда инфекция көзі анықталмады.
Сібір жарасын адам көбінесе ауру жануарлардан, яғни оларға күтім жасаған, сойған, тұтас етін бөлшектеген, етті аспаздық мақсатта өңдеген, мал шикізатымен жұмыс істеген кезде, ағзасына зақымдалған тері жабындары, шырышты қабаттың шағын жарақаттары арқылы енген кезде жұқтырады.