×

Қарақшылық үшін 20 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер анықталды

Ол Ресей Федерациясының азаматтығын алып, сол елде отбасын құрған

 Динара Амантай 09.06.2023 | 12:48
Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері 20 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осы жылдар бойы ер адам Ресей Федерациясының аумағында жасырынып, басқа мемлекеттің азаматтығын алып, отбасын құрған. Ол 20 жыл бойы адамдар тобында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде болды.

ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі (ескі редакцияда) қарастырылған қылмыс 2003 жылдың мамырында жасалған. Сол кезде 27 жастағы ер адам қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгеріп, Ингушетия Республикасының аумағында ұзақ уақыт тығылып жүрген.

20 жыл бойы Ақмола облысының полицейлері оның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатқан емес. Маусымда қылмыскер Малгобек қаласында анықталды. Ер адамның отбасы мен 4 баласы бар екендігі белгілі болды. Ол Қазақстанда жасалған қылмысты ұмытпаған және өзінің қатысы бар екендігін жоққа шығармады.

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама