Ақтөбе облысының әкімдігі қонақтар үшін тендермен 200 аяқ киім сүрткіш алған
Оларды әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды екен
Ақтөбелік шенеуніктер бюджеттен ақша бөліп, тендер арқылы аяқ киім сүрткіш сатып алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Белгілі болғандай, бұл аяқ киім сүрткіштер әкімдікке келген қонақтар мен делегацияларға арналған. Бастапқыда тендерге 200 мың теңге бөлінген. Дегенмен мердігер компания 99 мың теңге 200 аяқ киім сүрткіш сатып алуға келісіпті. Шенеуніктердің айтуынша, олар сүрткіштерді қонақ келген кезде әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды екен.
Делегациялар, шетелдік инвесторлар да көп келіп жатады. Сондықтан ауа райына байланысты машинада сондай сүрткіштер тұрады. Бізде қала түгіл, аудандарға шығады. Сосын ол жақта, өздеріңіз білесіздер, шаң, – деді Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.